Өзбекстанға қоқыс шығаруға арналған алғашқы электромобиль жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанға қоқыс шығаруға арналған алғашқы электромобиль жеткізілді

15.01.2024

Өзбекстанға қоқыс шығаруға арналған алғашқы электромобиль жеткізілді. Экологияға зияны жоқ көлік қоқыс-қалдықтарды өңдеу кластері аясында жүзеге асты.

Арнайы көлік толық зарядталған күйде 300 шақырым жүре алады. Бұл - елдімекендерді күні бойы аралап қоқысты тасымалдауға жетеді. Үш тонна жүкті көтеруге қауқарлы. Келешекте қуаты бұдан да артық түрлерін алдыру жоспарда бар. Көлік Жызақ облысында алғашқы тестілеуден өткізіліп жатыр. Көрші елде ауаның сапасын жақсартып, атмосферадағы лас қалдықтарды мейлінше азайтуға қазір көп көңіл бөліне бастаған.

Рустам Турсунов, санитарлық-тазалық жұмыстарын ұйымдастыру республикалық орталығының өкілі:

Әлем елдерін алаңдатқан экологияны жақсарту проблемасы Өзбекстанды да айналып өтпейді. Қыруар істер атқарылып жатыр, әйтсе де айтарлықтай нәтиже әлі де болмай тұр. Мұның себебі көп, соның бірі қажетті техникалардың алынбауы, және тұрғындардың қоқыс тастау мәдениетінің төмендігі.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу