Данияның ең ұзақ билік еткен патшайымы Маргрете II жексенбі күні тақты өзінің тұңғыш ұлы Фредерик X-ға тапсырды. Тарихи мұрагерлікке куә болу үшін Копенгаген орталығына 100 мыңдай адам жиналды.
Фредериктің Данияның, Гренландияның және Фарер аралдарының королі атанғанын премьер-министр Метте Фредериксен патшалық сарай балконынан жариялады.
Оның анасы Данияда 52 жыл корольдік етті. Маргрете - 900 жылға жуық уақытта тақтан өз еркімен қош айтысқан алғашқы даниялық монарх.
Арыстан Рысбек