Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының Талдау мектебінде оқудың үшінші кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының Талдау мектебінде оқудың үшінші кезеңі басталды

13.01.2024

Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының бастамасымен іске асып жатқан Талдау мектебінде оқудың үшінші кезеңі басталды. Жобаға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қолдау білдіріп, тәжірибесімен бөлісті. Үшінші кезеңге қатысуға 400-ден астам өтінім түскен. Конкурстық комиссия 60 адамды іріктеп алды. Олар – аналитикалық құрылымдарда, мемлекеттік басқару жүйесінде, ұлттық компанияларда, ғылыми-зерттеу институттарында және басқа да түрлі салаларда тәжірибесі бар, сондай-ақ, PhD ғылыми дәрежесіне ие мамандар. Жаңа кезеңдегі оқыту бағдарламасы Қазақстанның орнықты дамуы тақырыбына арналып отыр.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Өкінішке орай қазіргі таңда елімізде аналитикалық қабілеті жоғары, білікті мамандар даярлайтын арнайы жүйе жоқ. Көбіне, бұл жұмыс жүйесіз жүргізіліп, тиісті деңгейде тиімділігін көрсете алмай келеді. Сондықтан біз кәсіби сарапшыларды шақырып, оларға жас әріптестерімен өз тәжірибелерін бөлісуіне мүмкіндік беретін алаң құрдық.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу