Тегін дүниеге жүгіру – тәрбиенің олқылығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегін дүниеге жүгіру – тәрбиенің олқылығы

12.01.2024

Соңғы кездерде ел арасында түрлі ерсі іс-әрекеттер жиілеп кетті. Әсіресе, тегін тамаққа таласқандардың әрекеті әлеуметтік желіде жиі талқыланып, қоғамның бір бөлігі наразылық білдіріп жатады. Ақын Ақұштап Бақтыгереева тәрибеге аса мән беріп, тіпті, арнайы заң жобасын да әзірлеу керек деп ұсыныс білдірді.

Ақұштап Бақтыгереева, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:

Күнде той болып жатқан неғылған ел бұл?! Ал, ендеше, неге ашкөзденеді. Бүтін ұлтты мазақ етіп, далада жатқан қарбызға жүгіру, іліп қойған кәмпитке жүгіру - тәрбиесіздіктің барып тұрған шегі ғой бұл. Мен ойлаймын, тәрбиені қайта бастау керек мектептен, жанұядан. Жалпы жұмыстан да. Арды ақша жайлап кетті ғой.

Хабарламаларға жазылу