Түркістан облысындағы көлдер мен Сырдария өзеніне аққулар келді. Қанаттыларды Сырдария -Түркістан өңірлік паркінің қызметкерлері байқап, ұялы телефондарына түсіріп алған. Мамандар күн суытқанда жететін жыл құстарын еліміздің солтүстік өңірлері мен Ресейден ұшып келгенін айтады. Себебі оңтүстіктегі өзен-көлдердің бетіне мұз қатпайды. Азық қоры жеткілікті болады. Сұлулық символы болған қанаттылар ерте көктемде наурыз айында қайта ұшып кетеді.
Оңтүстікте биылғы қыстың жылы болуынан сондай бәйшешек гүлдеп жатыр. Көктемнің жаршысы саналатын қыр гүлінің қаңтардың алғашқы онкүндігінде бой көрсетуі- ерекше құбылыс. Демалыс күндері өңірде ауа температурасы +14 градусқа дейін көтерілген.
Айнұр Әбілқасымқызы
