Өзбекстанда тұтығып сөйлейтін баланы қылқындыру арқылы емдемек болған әйел анықталды. Оның ер баланы қапсыра құшақтап, жекіп сөйлеп жатқан видеосы желіде тарап кетті.
Әлеуметтік желіде белсенді азаматша елге өзін кәсіпкер әрі ұстаз ретінде таныстырған. Жызақ облысында арнайы семинар өткізген ол, баланы тұншықтырып сондай ақ, анайы сөздер айтып қорқыту арқылы емдейтін әдісін көпшілікке көрсеткен. Видеоны желіге жүктеген.
Әйелдің бұл әрекеті Олий Мәжілістегі балалар құқығы бойынша өкіл мен құқық қорғаушылардың назарына ілікті. Қазір осы жәйтке қатысты тергеп-тексеру басталған. Бұл туралы елдегі балалар омбудсмені ресми парақшасында жариялады. Істі Ташкенттегі Юнусабад аудандық прокуратурасы қадағалап отырғанын жеткізді.
Базаркүл Отыншиева