Анасы болуы мүмкін деген күдікке 10 шақты әйел ілігіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анасы болуы мүмкін деген күдікке 10 шақты әйел ілігіп отыр

10.01.2024

Анасын іздеген Бельгиялық Жәнібекке қатысты, Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясы жаңа дерекпен бөлісті. Жәнібектің Қазақстандағы заңды өкілі ретінде редакция оның туған жері Арқалыққа барып, тың деректер іздеді.

Қымбат Досжан сапардың басты мақсаты орындалды дейді. Шым-шытырман бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған. Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген күдікке 10 шақты әйел ілігіп отыр. Алайда, қылмыстық іс зерттеліп аяқталмайынша, өзге ақпараттарды жариялауға құқығымыз жоқ деді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу