Мемлекет басшысы «Qarmet» компаниясына қарасты нысандардағы жағдайды ерекше бақылауға алу қажет екенін айтты. Ақордада Президент қабылдауында Қарағанды облысының әкімі болды. Ермағанбет Бөлекпаевтың сөзінше былтырғы 11 айдың ішінде өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1 триллион теңгені құраған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 727 миллиард теңгеге жеткен. Биыл жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 19 пайыздан 25 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Әлеуметтік сала бойынша ауылдық жерлерде 92 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталған. Биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында өңірде 7100 орындық 10 мектеп пайдалануға берілмек.
Бұдан бөлек, Президентке жылыту маусымының барысы, «Qarmet» кәсіпорнындағы қазіргі жағдай туралы баяндалды.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Шерхан Жамбылұлы