«1WIN» онлайн-казино ұйымдастырғандарға халықаралық іздеу жарияланды. Онлайн-платформа тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткен. Алматы облыстық Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі хабарлады. Ойыннан түскен қаржы интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданған, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік берген. Былтыр жалпы онлайн-казино айналымы шамамен 4 миллиард теңге болған. Қазір онлайн-казино сайты бұғатталған. Төрт ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге тыйым салынды. Сондай-ақ 2 автокөлік тәркіленді.
Асылбек Данияр