Павлодар облысындағы «Майқайың-Алтын» кенішіндегі шыңырауға құлаған автобусты/ жер бетіне шығару оңайға соқпайды. Төтенше жағдайлар министрі осылай деді. Себебі, маңайындағы жердің де, опырылып түсу қаупі бар. Автобус одан да төмен құлауы мүмкін. Сондықтан, барынша абай болу қажет. Жалпы, қазақстандық құтқарушылардың тәжірибесінде/ мұндай күрделі жағдай бұрын-соңды болмаған. Қазір шетелдік мамандардың тәсілі де, зерттеліп жатыр.
Сырым Шәріпханов - ҚР төтенше жағдайлар министрі;
Әзірше автобусқа дейін 5 метр қалды. Бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған. Сондықтан тәжірибеміз де жоқ. Бір құтқарушы мен жүргізушіні міндетті түрде алып шығамыз. Нақты мерзімін айту қиын. Жұмыс жүріп жатыр.