Ғаламторда экстремизмді насихаттаған 21 жастағы өзбекстандық 7 жылға сотталды. Қашқадария облысының тұрғыны 2022 жылдың жаз-күз айларында Алматыда құрылыста жұмыс істепті. Сол тұста халықаралық террорлық ұйымдардың аудио және видео дәрістерін тыңдаған. Өзбекстанға оралған соң Telegram желісінде 11 канал ашып, экстремистік идеяларды насихаттауға кіріскен. Тергеу кезінде оның «жихад» жасау үшін Сириға кетпек болғаны да анықталды. Мемлекеттік қауіпсіздік ұйымы бұл әрекеттің алдын алды.
Базаркүл Отыншиева