Таразда қыз алып қашқандар 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда қыз алып қашқандар 7 жылға сотталды

18.10.2023

Алматыда шетелдік азаматты ұрлап кеткен үш адам ұсталды. Жәбірленуші Шымкенттегі кірпіш зауытында жұмыс істеген. Ол жердегі жұмысты аяқтаған соң кәсіпорын өкілдері төлқұжатын және еңбекақысын бермей қойған. Содан кейін 23 жастағы азамат Алматыға қашып келіп, Өзбекстан елшілігіне шағымданған. Осы іске қатысы бар деген күдікпен 3 адам қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Ал Таразда қыз алып қашқан қос азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Қалалық №2 соттың шешімімен Маңғыстау және Ақтөбе облысының тұрғындары адам ұрлағандары үшін 7 жылға сотталды. Екі азамат былтыр көктемде жаңадан танысқан тараздық бойжеткенге үйлену туралы ұсыныс білдіреді. Қыз қарсы болып, қарым-қатынасты үзбек болған. Алайда ақпан айында Таразға досымен келген «күйеу жігіт» жас қызды күштеп көлікке отырғызады. Алып қашу сәтін көршілері көріп қалып, полицияға хабарлаған. Олар қаладан ұзамай, жедел ұсталды. Енді темір торға тоғытылғандар кісі ұрлығы бойынша жазасын өтемек. 


Қуан Данияр

Хабарламаларға жазылу