Эквадорда төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эквадорда төтенше жағдай жарияланды

09.01.2024

Эквадорда атышулы мафия лидері түрмеден қашып кеткеннен кейін 60 күнге төтенше жағдай жарияланды. Ел президенті Даниэль НобОаның мәлімдеуінше, бұл режим әскер мен полицияға абақтыларды бақылауға мүмкіндік береді. 34 жылға сотталған Адольфо Масияс 12 жыл түрмеде отырып, «Лос-ЧонЕрос» мафиялық тобын басқарды. Бұл топ негізінен есірткі саудасымен және рэкетпен айналысып, Мексиканың әйгілі «СиналОа» картелімен ынтымақтасқан. Оның сыртында Масияс президенттікке кандидат саясаткерді өлтірді деген күдік бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу