Қазақстан азаматтары дін аман - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан азаматтары дін аман

11.01.2024

Қарулы қақтығыс болып жатқан Эквадорда Қазақстанның 7 азаматы бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Одан бөлек тағы бір отбасы елге демалуға барған. Консулдық оларға телефон соғып, қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық берген. Министрлік өкілі жерлестерімізбен үнемі байланыстамыз, деді. Сонымен бірге, Қазақстан азаматтарының ешқайсысы зардап шекпегенін жеткізді. Эквадорда жағдай қылмыстық топ лидері түрмеден қашқаннан кейін қаңтардың 7-де шиеленісті. Түрмелерде бүлік басталып, қарулы топтар ел ішінде ойран салды. Олар 130-дан астам түрме күзетшісі мен 4 полицейді кепілге алған. Президент елде төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгізді. Есірткі топтарына қарсы соғыс жарияланған.


Хабарламаларға жазылу