Қарағандыдағы орталық саябақ ашық аспан астындағы кітапханаға айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы орталық саябақ ашық аспан астындағы кітапханаға айналды

13.06.2016
Қарағандыдағы орталық саябақ ашық аспан астындағы кітапханаға айналды

Жайық Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері балалар жазғы демалысын тиімді өткізу үшін осындай игі шара ұйымдастырып отыр.

Бұл жерден қалаған әдебиетті, газет-журналдарды алып оқуға болады.

Жас ұрпақтың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін кітапхана қызметкерлері түрлі ойындар да өткізуде.

Ашық аспан астындағы кітапхана жаз бойы жұмыс істейді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу