Ақтөбе облысында жеңіл көлік суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жеңіл көлік суға батып кетті

09.01.2024

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында жеңіл көлік суға батып кетті. Ішінде үш адам болған. Оның екеуі өз күштерімен шығып үлгерді. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері оларды жылжымалы жылыту бекетіне орналастырды. Ал, үшінші адам жан тапсырды. Оның денесін құтқарушылар екі сағаттан кейін алып шықты. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, бұл үш тұрғын Шалқар қаласынан қамыс ору үшін шыққан.

Иса Байтұрсынов, ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы

Батып кеткен жерде мұздың қалыңдығы үш сантиметр болған. Суға батқан көліктің тұрған жері екі жарым метр. Қазір әкімшілік тарапынан арнайы техникалармен көлікті шығару жұмыстары жүріп жатыр.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу