Алматы облысының тауларында 11 қаңтарға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті қауіптің алдын алу үшін тұрғындар мен туристерден қарлы беткейлерге шықпауды сұрап отыр. Сондай-ақ, таулы жерден өтетіндерге аса сақ болуды ескертеді. Өйткені Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында бас-аяғы 55 қауіпті учаске бар.
Әйгерім Ердәулетқызы