«ҚазАвтоЖолдың» Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Күдіктілерге «Қордай» өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген айып тағылған. Шығын көлемі 194 миллион теңгеден асады. Соттың санкциясымен барлық күдікті: Қазавтожол филиалы директорының орынбасары, мердігер ұйымның өкілі және техникалық қадағалау сарапшысы қамауға алынған. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Асылбек Данияр