Төтенше жағдайлар министрлігінің лауазымды тұлғалары күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің лауазымды тұлғалары күдікке ілінді

20.07.2023

Төтенше жағдайлар министрлігінің лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жартыжылдық қорытынды отырысында белгілі болды.

Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағалидың айтуынша, министрліктің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша департамент бастықтары әшкереленген. Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейін сомада пара алған.

Өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша департамент басшыларының біріне қамқоршылық жасаған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу