Трансфермаркет нұсқасы бойынша Қазақстан премьер-лигасының ең қымбат ойыншылары белгілі болды. Тізімді Ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыберген бастап тұр. Шабуылшының нарықтағы бағасы 900 мың еуроға бағаланған. Үздік үштікті Максим Самородов пен Абат Айымбетов жалғайды. Ал қымбат аяқдоп шеберлерінің тізімін Сергей Малый 600 мың еуромен түйіндеп тұр.