Швецияда ауа температурасы 43 градустан асып, рекордтық деңгейде жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швецияда ауа температурасы 43 градустан асып, рекордтық деңгейде жетті

08.01.2024

Жүргізуші. Қолайсыз ауа райы еуропалықтарды әбігерге салды. Скандинав елдерінде күн күрт суытып, қалың жауған қар көлік қозғалысын қиындатып, теміржол қатынасы тоқтады. Мектептер жабылды. Ал, Германия мен Франция су тасқынының зардабын тартып жатыр.

Швецияның солтүстігінде ауа температурасы 43 градустан асып, рекордық деңгейде жетті. Соңғы 25 жылда болмаған суық. Қалың жауған қар мен көктайғақтың кесірінен тас жолдарда көлік қозғалысы қиындады. Данияда жолдарды қар құрсауынан тазартқанша көлік жүргізушілеріне 20 сағат кептелісте тұруға тура келді. Қатты суықтан Норвегиядағы тау-шаңғы кешендері жабылды. Бірқатар қалаға теміржол қатынасы тоқтады.

Шойнс Дэкон, Норвегия азаматы:

Биыл қар жаумайтын шығар дегенбіз. Күн жылып кетіп еді, қайтадан күрт суытты. Көктайғақтан жол апаты көп. Үйде отырған дұрыс.

Скандинав елдері суықтың зардабын тартып жатса, Франция мен Германия су тасқынымен алысуда. Нөсерлеп жауған жаңбырдан қос елдің өзендері арнасынан шығып, бірқатар елді-мекенді су басты. Суды сорғымен айдап шығаруға өрт сөндірушілер мен әскери қызметкерлер де жұмылдырылды. Табиғи апаттың салдарынан жүздеген отбасы баспанасыз қалды.

Андрэ Гиом, Кале қаласының тұрғыны:

Қолымнан келгенше басқа адамдарды құтқаруға тырыстым. Үйім, бар мүлкім суға кетті. Қалпына келтіруге жарамайды. Шығыным шаш етектен.

Синоптиктер осы аптада Батыс Еуропа елдерінде де күн суытатынын ескертеді. Қатты аяз су астында қалған ғимараттарға қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан, Францияның төрт аймағында төтенше жағдайдың алдын-алуға дайындық күшейтілді.


Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу