Атырауда балабақша тәрбиешісінен туберкулез анықталды. Ата-аналар болса, балабақша басшылары бұл жағдайды жасыруға тырысқан деп отыр. Мұндай жағдай, бөбекжай балалардан флюорографиядан өтуді сұрағаннан кейін белгілі болған. Ал білім басқармасының өкілдероі тәрбиешінің диагнозы тек 3-інші қаңтарда расталғанын хабарлады. Қазір балабақша карантинге жабылып, дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.