Коммуналдық саланы түгел жаңғырту басты міндет - Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коммуналдық саланы түгел жаңғырту басты міндет - Президент

05.01.2024

Қазір жылу желілері әрең жұмыс істеп тұр. Үкімет пен әкімдіктер батыл қимылдап, қажетті шараларды дереу қолға алуы керек. Бұл мемлекет басшысының коммуналдық салаға қатысты айтқан пікірі. Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында электр орталықтарындағы мүшкіл ахуалды да сынға алып, Үкіметке бірқатар тапсырма жүктегенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

«Бүкіл Қазақстандағы инженерлік инфрақұрылымды толық жаңғырту – өте ауқымды әрі күрделі міндет. Бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр. Көктем-жаз айларында Үкімет пен әкім¬-діктер жылу маусымына дайын болу үшін біраз жұмыс жасады. Жағ¬дайы сын көтермейтін бірқатар нысанды жөндеді. Ең алдымен, күрделі апаттардың алдын алып, үйлерге жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету керек. Бірақ жаңа қуат көздерін ашу, желілерді біртіндеп жаңарту және коммуналдық саланы түгел жаңғырту басты міндет екенін ұмытпаған жөн».

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу