Иранда 84 адамды мерт қылған алапат жарылыстарды «Даиш» тобы өз мойнына алды. Бұны осы топтың «Амак» ақпарат агенттігі мен телеграм-арналары хабарлап отыр.Екі бомба Керман қаласында генерал Касем Сулеймани жерленген зират маңында сәрсенбі күні іске қосылды. Сол сәтте бұл жерге марқұмды еске алу үшін халық көп жиналған.
Кейіннен Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменей мәлімдеме жасап, қантөгісті ұйымдастырғандар қатаң жауап беретінін ескертті. Және де Иран үкіметі осы шабуылдар үшін бұған дейін АҚШ пен Израильді айыптаған еді.
Арыстан Рысбек