Жаңа жылдан бастап 1 млн 800 мың қазақстандықтың жалақысы өсті. Оның ішінде 350 мың адам - бюджеттік қызметкер. (( КЕСТЕ )) Яғни, ең төменгі жалақы 70 мыңнан 85 мың теңгеге өсуі барлық жұмысшының еңбекақысына әсер етіп отыр. Жалпы жұмыс берушілер осы айдан бастап ең төменгі жалақы алып отырғандардың табысын өсіріп, артынша қалған қызметкерлердің еңбекақысын қайта қарауы тиіс. Ең төменгі жалақы мөлшері алдағы екі жылда тағы 2 есе ұлғаяды.