Бұдан былай атаулы әлеуметтік көмек жаңа әдіспен тағайындалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұдан былай атаулы әлеуметтік көмек жаңа әдіспен тағайындалады

02.03.2022

Бұдан былай атаулы әлеуметтік көмек/ жаңа әдіспен тағайындалады. Заң бұзушылық болмау үшін барлық процесс орталықтандырылған форматқа ауыстырылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді. Сондай-ақ, Серік Шәпкеновтің сөзінше, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту мақсатында кешенді жұмыстар қолға алынған. Алдағы екі жылда 12 өңірде 150 орындық оңалту орталықтары салынады. Ал, былтыр мемлекет әлеуметтік төлемдерге 3,7 трлн теңге жұмсаған. Осы ретте, жыл сайынғы индекстеу аясында 4 млн қазақстандықтың зейнетақысы мен жәдемақысы өсті. Сондай-ақ жыл басынан бері 600 мыңға жуық мәдениет пен мұрағат ісі саласындағы қызметкерлердің айлығы көтерілді. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өз кезегінде жалақыдағы теңсіздікті жоюды тапсырды.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары: 
Халықтың табысын арттыруда жүйелі саясат жүргізілуде. Ағымдағы жылдың басынан бері ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге ұлғайтылғанын өздеріңізге белгілі. Азаматтық қызметшілер жалақысы кезең кезеңімен арттыру жалғасуда. 2021 жылы жұмыспен қамту шараларымен барлығы 1,2 млн адам қамтылды. Өздеріңізге белгілі геосаяси жағдай күрт шиеленсуде. Санкциялық қақтығыстар күн сайын ұлғаюда. Үкімет тарапынан бірқатар жедел шаралар қабылданды. 


Хабарламаларға жазылу