Өскеменде 2022 жылы басталған Гематология орталығының құрылысы тоқтап тұр. Медицина мекемесін салуға бастапқыда республикалық бюджеттен 29 миллиард теңге бөлінген. Бүгінге дейін құрылыстың 80 пайызы салынғанымен, қаржы жетпеген соң құрылысы тоқтап тұр. Қаңырап тұрған нысанның жағдайымен Парламент Мәжілісінің депутаттары танысты. Нысанды салып жатқан мердігер компания өкілдері депутаттарға құрылысты толық аяқтау үшін әлі 50 миллиард теңге керек екенін жеткізді.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Министрмен министрлер кабинетімен ақылдасып, осының бір ортақ шешімін табуымыз керек. Біріншіден бұл нысан аяқталу керек. Міндетті түрде. Өйткені халықтың ақшасы салынды ғой. Екіншіден бұл нысан аяқталғаннан кейін жергілікті бюджетке ауырлық салмайтындай қылып өзінің пайдасын тиіндей қадамдарға бару керек.
Олжас Керейхан