Өскеменде тұманнан әуе қатынасы тоқтап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде тұманнан әуе қатынасы тоқтап тұр

29.11.2023

Өскеменде кешеден бері әуе байланысы тоқтап тұр. Себебі, қаланы қою-қалың түтін аралас тұман басқан. 

Олжас Керейхан, тілші:

Бүгін де тұман сейілмей тұр. Біз жаңа ғана Өскемен әуежайынан ақпарат алдық. Кеше Өскеменнен 5 рейс ұшу керек болса ешқайсысы ұшпаған. Ал бүгін түске дейін Астанаға 2 рейс ұшуы тиіс еді. Ол да орындалмады. Енді қашан ұшатыны белісіз. Жолаушылардың әрі кешеден «Қазгидромет» орталығы кейбір аумақтарда ауа құрамындағы зиянды қалдықтар қалыпты мөлшерден 18 есеге дейін артып кеткенін хабарлады. Экологтар көмірге автокөліктен шыққан түтін қосылып жағдайды ушықтырып тұрғанын хабарлады. Өйткені Өскеменде соңғы бес тәулікте үф еткен жел жоқ.

Олжас Керейхан


Өскемен Шығыс Қазақстан облысы

Хабарламаларға жазылу