Астанада су тапшылығы мәселесі шешілуге жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада су тапшылығы мәселесі шешілуге жақын

03.01.2024

Елордада көпқабатты үйлердегі су тапшылығы мәселесі жуырда толық шешіледі. Осы айда нөмірі үшінші су сорғыш-сүзгіш станциясы іске қосылмақ. Бүгін жаңа нысанның құрылыс барысымен мәжіліс депутаттары танысты. Жалпы қуаты 105 мың текше метр болатын станцияның құрылыс жұмыстары 92 пайызға аяқталған. Әлеуметтік маңызы зор нысан АҚШ пен Германиядан әкелінген құрылғылармен жабдықталған. Мамандардың айтуынша, нысан қолданысқа берілген соң, қала тұрғындары кемі 5 жыл ауыз су тапшылығын көрмейді.

Дәулет Тұрлыханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Су мәселесі – енді өзекті мәселе. Қала әкімшілігі бар, қала мәслихаты депутаттары бар, осы Астана қаласынан сайланған депутаттар бар бүгінгі осы мәселенің шешілуіне жұмыс жасап жатырмыз. Өйткені қала күннен-күнге өсіп жатыр. Сумен толық қамтамасыз етіледі. Байқоңыр, Алматы аудандарын бірақ жеткіліксіз болған кезде басқа аудандарға бірден көмектесіп отырады.


Қаракөз Тұрмағанбет 

Хабарламаларға жазылу