ШҚО-да көпір құрылысы түйісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да көпір құрылысы түйісті

03.01.2024

Шығыстағы Бұқтырма су қоймасына салынып жатқан көпір техникалық тұрғыда пайдалануға берілді. Президент тапсырмасымен 2019 жылы алғашқы қадасы қағылған еліміздегі ең үлкен көпірдің құрылысы екі жағадан басталған. Жаңа жылға қарсы мамандар судың дәл ортасында көпірді түйістірді. Ұзындығы – 1316, ені – 12 метр болады. Бір жағында жаяу адам жүретін арнайы жолағы да бар. Судың бетінен астына дейінгі тереңдік 18 метр. Астыңғы тіреулерінің екі жағында арнайы мұзкескіштер орнатылады. Стратегиялық нысанды отандық мамандар салып жатыр. Ол толық аяқталған соң тәулігіне 85 мың автокөлік өте алады.

Ермек Көшербаев, облыс әкімі:

Әрине бұл көпірдің маңыздылығы өте ерекше. Бұл біздің өңірдің дамуын жоғарғы деңгейге көтереді. Көпірдің құрылысына бірталай жергілікті азаматтар қатысып жатыр. Амандық болса келесі жылдың аяғына дейін көпірдің құрылысын аяқтаймыз. Көп уақыттан бері Шығыс Қазақстан облысындағы екі аудан халқының арманы орнадаладыдеп отырмыз.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу