Атырауда үй өртеніп, 5 адамды күйік шалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда үй өртеніп, 5 адамды күйік шалды

03.01.2024

Атырауда үй өртеніп, 5 адамды күйік шалды. Оқиға кеше 11:10 шамасында Көкарна ауылы, Көкарна көшесіндегі тұрғын үйдердің бірінде борлған. СаІІ орталыққа аталған мекенжайда үй түтіндеп жатқаны туралы хабарлама түскен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына жетіп, газ-ауа қоспасының дүмпуі болғанын анықтаған. Салдарынан үйдің қабырғалары қирап, 140 шаршы метр алаңды қызыл жалын жалмаған. Өрт бір сағат ішінде толық жойылды. 5 адамды күйік шалып, олар қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу