Павлодарда 965 студенттің шәкіртақысы кем төленіп келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 965 студенттің шәкіртақысы кем төленіп келген

29.12.2023

Павлодарда 900-ден астам студенттің шәкіртақысы оқу маусымы басталғаннан бері кем төленіп келген. Заңбұзушылықты облыс прокурорлары анықтап отыр.

Қыркүйек айынан бастап студенттердің шәкіртақысы өскеніне қарамастан, аймақтағы медициналық колледж бұрынғы мөлшерде төлем жасаған. Грантпен білім алушыларға биыл 31 422 теңге шәкіртақы берілуі керек болса, оқу орны 20 948 теңге аударып отырған. Яғни, 10 500 теңге кем төленіп келген. Прокуратураның ықпалымен жергілікті әкімдіктен қосымша 40 миллион теңге бөлініп, студенттердің қарызы толық жабылды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу