Алматыда 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

29.12.2023

Алматыда 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды. Олар сапасыз құрылыс жүргізіп келген. Міне, дәл осы компаниялар жауапқа тартылды. Қала әкімдігінің өкілдері жоспардан тыс тексеру кезінде 1 мыңнан астам заңбұзушылықтың тіркелгенін мәлімдеп отыр. Сондай-ақ, талапқа сай емес құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарына жауапты 68 ұйымның да жұмыс істеуіне шектеу қойылды. Оған қоса, 25 техникалық қадағалау сарапшысы жарты жыл бойы аттестаттаудан өте алмайды. Әкімдік, таулы аймақтарда да бақылаудың күшейгенін ескертіп келеді. Мәселен, онда заңсыз салынып жатқан 52 құрылыс нысаны анықталған, сот олардың әзірге 11-ін сүру жөнінде шешім шығарған. Ғимараттың басым бөлігі көпқабатты тұрғын үйлер.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу