Қазақстаннан анасын іздеген бельгиялық азаматқа қатысты жаңа деректер пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстаннан анасын іздеген бельгиялық азаматқа қатысты жаңа деректер пайда болды

28.12.2023

Бүкіл қазақ елі алаңдап отырған, бельгиялық азаматқа қатысты жаңа деректер пайда болды. Болжамды анасымен бірге тапсырған ДНҚ сараптамасының қорытындысы шықты. Әріптесім Аида Ахметбек тарқатып айтады.

Болжамды ана Арқалықтың тумасы емес. Бірақ сол 2002-ші жылы өңірге танысын іздеп барып, сол қалада босанып қалған. Тіпті түнгі 22-00-ге дейін перзентханаға ораламын деп кеткен. Жазу үлгісі де қолхаттағы жазумен сәйкес келіп тұр. Мұны арнайы сараптама да растаған. ДНҚ тест шешімі болжамды ана Жәнібектің биологиялық шешесі емес екенін көрсеткен.

«Бармысың, бауырым?» бағдарламасының зерттеу ұжымы бұл жұмбақты шешкен сайын түйіншегі керісінше тастай түйіліп бара жатқанын айтады.

Қымбат Досжан, «Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі:

Бұл менің ең бірінші зерттеу оқиғаларының бастаған кездегі күдігім расқа айнала ма деп қорқамын. Бұл баланың мүмкін ауысуы. Меніңше, егер Жәнібек, Жәнібек емес, басқа біреудің баласы болса. Жазираның баласы қайда? Бұл сол кезде баланың ауысуына қатысы бар адамдардың жасаған ең үлкен қылмысы. Бұл менің әзірге күдік ойым. 

Бұл күдік расталса, бір емес енді екі бірдей тағдыр жұмбаққа айналады.

Жәнібек:

Елді дүрліктірмейін деп ДНҚ сараптамасының нәтижесі теріс болып шығуы мүмкін екенін желіде айтқанмын. Алайда бір үміт болды. Дәл қазір көңілім босап тұр. ДНҚ-ның қорытындысына қарамай, енді болжамды анаммен өзге орталыққа барып қан тапсырамыз.

Әлеуметтік желіде Жәнібектің тағдыры үшін алаңдағандар көп. Тіпті Отанында қалуын өтініп, асырап алуға ниетті азаматтар да бар.

Аида Ахметбек, тілші:

Қазір «Барымысың, бауырым?» хабарының ұжымы зерттеудің 3-ші кезеңін бастайды. Жәнібек өзіне берілген виза мерзімінің аяқталуына байланысты елден кетуге мәжбүр. Алайда ол арадағы алшақтық зерттеу жұмыстарына еш кедергі келтірмейтінін айтады.

Хабарламаларға жазылу