Құрмет Талапқазыға қоғам белсенділері баспана алып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрмет Талапқазыға қоғам белсенділері баспана алып берді

30.12.2021

Еліміздің батыс өңірінде қуаңшылықтан қиналған ағайынға мал азығын жинау үшін атсалысқан Құрмет Талапқазы баспаналы болды. Жұрттың басын біріктіріп, ондағы шаруаларға 6 вагон жем-шөп жіберген азаматқа халық осындай құрмет көрсетті. «Құрметке құрмет» акциясы аясында 18,5 млн теңге жиналып, оған Шымкент қаласынан жаңа үй сатып алынды. Үш бөлмелі жаңа баспананың ауласында шағын дүкені де бар.

Қаражаттың жартысы халықтың қолдауымен екі күнде жиналған. Қалған ақшаны жомарт жандар жеткізіп берген. Құрмет Талапқазы жаңа баспанаға ата-анасын көшіріп әкелмек. Ал келер жылы отбасын құрмақ ниетті. Жуырда Шымкенттегі мемлекеттік университеттердің бірі Құрметті оқуға тегін қабылдайтындарын айтқан болатын.

Құрмет Талапқазы, қала тұрғыны:

Жиналған қаржыны қайырымдылыққа салайын деп едім, оған келіспей, ақшаны бермей, осылай алып берді. Көмектескен кәсіпкер, қарапайым халқымызға рахмет! Алғысым шексіз!

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу