Таиландтың оңтүстігінде жауын құйып, бірнеше провинцияны су басты. Мұны жергілікті ақпарат құралдары хабарлап отыр. Олардың дерегінше, алапат тасқынға байланысты жолдар жабылып, халыққа заттарын биік жерге шығаруға кеңес берілген. Тай үкіметі армия мен денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккен тұрғындарға көмектесу туралы бұйрық берді. Ал табиғи апаттардың алдын алу және зардабын жеңілдету департаменті/ апат жайлаған елді мекендерді судан тазарту операциясын мейлінше тезірек жүргізіп жатқанын мәлімдеп отыр.