Алматы облысында жалынмен күрескен өрт сөндіруші қаза болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жалынмен күрескен өрт сөндіруші қаза болды

26.12.2023

Екі қабатты нысанның шатырын шарпыған өртті сөндіру барасында 19-шы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Әділет Аянұлы қаза болды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Қазір жедел-тергеу тобы оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу