Маңғыстаудағы Ақшымырау ауылында топтық төбелестің салдарынан бір тұрғын қаза тапты. Тағы 2 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Оқиға таңғы мезгілде болған. Ер адамдар арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. 32 жастағы тұрғын 3 бірдей ауылдасын пышақтап тастаған. Соның салдарынан 39 жастағы тұрғын оқиға орнында көз жұмды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Аягөз Оралбайқызы