Қытай астанасы Бейжің тұрғындары 1951 жылдан бергі ең суық күндерді бастан кешіп жатыр. Жергілікті синоптиктер сынап бағанасы рекордтық деңгейге дейін түскенін хабарлап отыр. Мұндай температура желтоқсанның 11-нен бері 300 сағат бойы сақталған. Әсіресе солтүстік және солтүстік-шығыста аяз күшейіп тұр. Бұл аймақтың кейбір аудандарында температура 40 градусқа дейін төмендеген. Әзірге зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.
Арыстан Рысбек