Аргентина тұрғындары жанармай тапшылығын бастан кешіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентина тұрғындары жанармай тапшылығын бастан кешіп жатыр

29.10.2023

Аргентина тұрғындары жанармай тапшылығын бастан кешіп жатыр.

Ел астанасы Буэнос-Айрес пен өзге қалалардағы жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Үкімет болса, отын тапшылығы мәселесін алдағы күндері шешуге уәде берді. Онсыз да аргентиналықтар бірнеше жылдан бері экономикалық дағдарыстан шыға алмай отыр. Инфляция деңгейі 140 пайызға жуықтады. Ал ұлттық валюта өз құнының 42 пайызын жоғалтты. Бұған қоса қазанда бағалар өсіп, қымбатшылық өрши түсуі мүмкін.


Хабарламаларға жазылу