EGOV-қа баланың құжатын мобильді қосымшамен тіркеуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EGOV-қа баланың құжатын мобильді қосымшамен тіркеуге болады

25.12.2023

Жаңа жылдан бастап Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі әр баланың шотына қаражат түседі. Ақшаның түскен-түспегенін егов арқылы көре аласыз. Ал сол егов порталына баланың жеке сәйкестендіру номері енгізілген бе? Қарапайым түрде ұялы телефон арқылы тексеруге болады. Ол үшін ұялы телефонда «Еговмобайл» қосымшасы болса жеткілікті. Яғни, еговмобайл қосымшасына кіріп, профиль деген батырманы басасыз. Одан кейін «Отбасы» деген бөлікті таңдайсыз. Отбасы бөлігінде «балалар» деген батырма бар. Егер балаңыз жайлы ақпарат жоқ болса, «баланы қосу» деген бөлікті бассаңыз, сол жерге баланың жеке сәйкестендіру номерін жазып, тіркеу қажет. Енгізілген дерек тіркеліп, толық ақпараты бірден шығады. Бұл процесті компьютер арқылы да жасауға болады. Ол жерде егов порталында «жеке кабинетке» кіріп, тура ұялы телефонда жүргізілгендей баланың жеке сәйкестендіру номерін енгізіп, қосу батырмасын бассаңыз жеткілікті.

Арманай Мирасқызы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасының жетекші маманы:

Ұлттық қордан әр балаға қаражаттың түсуі баланың деректері егов порталында болуы, болмауына байланысты емес. Себебі, егов порталы мемлекеттік дерек қоры емес. Тек мемлекеттік дерек қордың ақпаратын көрсететін платформа болып табылады. 0414//склейка 0431// Қазіргі күнде осы ақпараттың барлығы автоматты түрде көрсетілу үшін біз жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Хабарламаларға жазылу