Қазақстандықтар жеке куәлікті электронды түрде ұсына алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар жеке куәлікті электронды түрде ұсына алады

06.11.2019
Қазақстандықтар жеке куәлікті электронды түрде ұсына алады

Енді қазақстандықтарға жеке куәлігін өзімен бірге алып жүрмеуге болады. Электрондық құжат eGov мобильді қосымшасын пайдаланушыларға қолжетімді болды.

«Егер жеке куәлігіңіздің түпнұсқасы өзіңізбен болмаса, оны электронды түрде көрсете аласыз. Енді нотариуста құжаттарды рәсімдегенде, eGov mobile қосымшасындағы электронды жеке куәлігіңізді көресетуге болады. Содан кейін сізге QR-код арқылы рұқсат беру қызметі ұсынылады. Осылайша, нотариус сіздің құжатыңыздың шынайы екеніне оңай көз жеткізе алады», - деп жазды компания өкілдері Facebook желісінде. 

Хабарламаларға жазылу