Еуроодақ елдеріне виза рәсімдеу жеңілдеуі мүмкін
Ел азаматтары үшін Еуроодақ елдеріне виза рәсімдеу жеңілдей түсуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір одаққа мүше мемлекеттермен визалық режимді жеңілдетуге қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Ол оң нәтиже берсе, визалық алым төмендеп, өтінімдерді қарау мерзімі қысқармақ. Ал визалардың қолданылу мерзімі керісінше ұзаруы тиіс. Айта кетейік, еуроодаққа 27 ел мүше. Ал қазір ел азаматтары визасыз 82 елге бара алады. Олардың қатарына биыл Қытай мен Вьетнам қосылған еді.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Қытаймен визасыз режим күшіне енді. Вьетнаммен визасыз режим жақында тараптар барлықа қажетті мемлекеттік рәсімдерді аяқтаған кезде басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03