Еліміздің әуе компаниялары «қара тізімге» енгізілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің әуе компаниялары «қара тізімге» енгізілмейді

07.06.2021

Ал еліміздің әуе компаниялары «қара тізімге»  енгізілмейтін болды. Еурокомиссияның ұшу қауіпсіздігі комитеті өкілдері бұған еш негіз жоқ деп отыр. Негізі бұған дейін сарапшылар «Бек Эйр» ұшағымен болған апаттан кейін қазақстандық тасымалдаушылар еуроодақ елдеріне ұшуға тыйым салынған компаниялардың тізіміне кіруі мүмкін екенін айтқан. Бірақ салаға жауаптылардың есебін тыңдаған Еурокомиссия өзге шешім шығарды. Бірақ еліміздің авиация саласына маниторинг жасап, жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізді.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу