БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей өңіріне қатысты қарар қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей өңіріне қатысты қарар қабылдады

25.12.2023

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей өңірін қалпына келтіру бойынша 11-ші қарарын қабылдады. Бірауыздан бекіген құжатта: ядролық сынақтардан зардап шеккен тұрғындарды сауықтыру, қоршаған ортаны қалпына келтіру және Семей өңірінің экономикалық дамуын қолдау мақсатындағы іс-шараларды үйлестіру көзделген. Қарардың кезікті рет қабылдануы халықаралық қауымдастықтың ядролық сынақтардың ұзақ мерзімді салдарларына қатысты алаңдаушылығын көрсетеді, - дейді Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі. БҰҰ ядролық сынақтардан зардап шеккен Семей аймағына қатысты алғашқы қарарды 1997 жылы қабылдаған еді.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу