Баспана бағасы арзандауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспана бағасы арзандауы мүмкін

22.12.2023

Биыл пайдалануға берілген баспана саны күрт көбейген. Мәселен жыл басынан 100 мыңнан астам пәтер сатылымға шықты. Бұл 2019 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш. Ал былтырмен салыстырғанда 35 пайызға, яғни 26 мыңға көп. Тұрғын үй нарығының сарапшылары ұсыныстың артуы шаршы метр бағасының арзандауына әсер етуі мүмкін дейді. Өйткені тұрғын үйлер көптеп салынып жатқанымен, жөнді бағдарламаның жоқтығынан сауда көлемі азайған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше биылдың өзінде қолданыста болған үйлердің бағасы 5,5 пайызға арзандаған.

Хабарламаларға жазылу