Семейде еліміздегі ұлтаралық татулықты дамытып, дәріптеп жүрген этномәдени бірлестіктер өкілдері маратталды. «Достық-2023» деп аталатын байқауға облыстық әкімдік мұрындық болған. Аймақтағы 22 этномәдени бірлестік қатысқан сайыста кімдер үздік шықты? Тілші баяндайды.
Ырыс алды –ынтымақ. Елдегі ұлтаралық ауызбіршілік қашан да басты назарда. Бұл мықты мемлекеттің – негізгі құндылық пен қаиғадсының бірі. Абай облысында да бұл бағытта игі істер атқарылып жатыр. Соның бірі тап осы байқау.
Жасұлан Сәрсебаев, Абай облысы әкімі аппаратының басшысы:
Этномәдени бірлестіктер мен достық үйі жұмысының арқасында дәстүрлерімізді дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттап жатырмыз. Баршаларыңызға алғысымыз шексіз. Жан-жақты жұмыс жүргізудің нәтижесінде өңіріміздің әлеуметтік, экономикалық салалары дамып келеді. Барлығы да халқымыздың бірлігінің арқасында.
Байқау бірнеше номинацияға бөлінген. Онда шығармашылық, тіл, қайырымдылық және салт-дәстүр сияқты бағыттар назарға алынған.
Шағангүл Жанаева, «Қазақ мәдени-әлеуметтік орталығы» ҚБ төрағасы:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына келген сапарында мінбеде тұрып мемлекетіміз бір, Отанымыз бір, халқымыз бір деген еді. Сондықтан біздің мемлекетіміздің, қазіргі жаңа Қазақстан, тәуелсіз еліміздің бір керемет ерекшелігі - ол біздің мекендеген әртүрлі тағдырмен келіп, осында өмір сүріп отырған көпұлтты өкілдерінің ынтымақты өмір сүруі.
«Достық – 2023» байқауында үздіктер марапатталды. Олар аймақтың аумағында ғана емес, тұтас ел бойынша татулық туын көтеріп жүрген азаматтар. Ал, бұл байқау дәстүрлі түрде ұйымдастыра бермек.
Аслан Ертісбаев