Атырауда бір күнде 3 бірдей балабақша пайдалануға берілді. Олардың әрқайсысы 290 орындық. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек», - деген болатын. Осыған орай өткен жылы өңірде 785 орындық 3 мектепке дейінгі ұйым ашылса, биыл Мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобалар аясында 2610 орындық 9 балабақшаның құрылысы аяқталып, 3-і балалар игілігіне берілді. Ал бүгін ашылған 3 балабақша да осы жоба аясында салынған. Жыл соңына дейін тағы 3 бөбекжай пайдалануға берілмек.
Ерлан Сламбеков, Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы:
Мұнда балалардың тәрбиесі үшін толық жағдай жасалған. Балабақшада бейнелеу өнері, ән-саз, би үйірмелерінен бөлек бүлдіршіндердің ақыл-ойы мен сауатын ашатын сабақтар да жүргізіледі.
Нұрсұлтан Нұрсейіт