Павлодар орталық алаңға 52 млн аса теңгенің шыршасы қойып жатыр. Оның биіктігі 30 метр болмақ. Шыршадан бөлек мейрамның көркін қыздыруға арналған безендіру жұмыстарына да қыруар қаржы бөлініпті.
Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:
Ертіс жағасында мұздан қалашық құйылады. Оның құны 53 млн теңге. Сырғанақ, ертегілер кейіпкері бәрі сол жерде болады. Одан басқа қаланы безендіру үшін 80,5 млн теңге қаржы жұмсалады. Бүркіт пен шаңырақ бейнесіндегі әсем фигураларды қойып самаладай жарқыраған шамдармен безендіреміз.
Биыл биік әрі алып мұз қалашықтарын салуға және ұзын сырғанақтар жасауға күн райы ырық бермейді. Бірақ, қыруар қаржы бөлерде әкімдік мұны ескеріп, сараптамаған сияқты. Осылай деп қоғамдық ұйымдар наразылық білдіріп жатыр. Құқық қорғау органдары болса, бөлінген қаражаттың игерілуін тексермек.
Мұратбек Қасымов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
Жаңа жылдық шыршаны безендіруге байланысты сұрақтар бойынша қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа байланысты мониторинг жүргізе бастадық. Қорытындысы бойынша сіздерге қосымша хабар береміз.
Болат Аманбаев