С.Нүкенованың өлімі: 12 сараптаманың 10-ы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

С.Нүкенованың өлімі: 12 сараптаманың 10-ы аяқталды

21.12.2023

Аяуандықпен өлтірілген Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іс аясындағы сараптамалар аяқталуға жақын. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі журналистермен өткізген  дәстүрлі брифингінде мәлім етті. Талғат Уәлидің айтуынша, атышулы қылмыстық іске қатысты әу-баста 12 сараптама тағайындалған. Оның 10-ы толық қаралып бітті. Тағы бір сараптама қорытындысы осы аптада, соңғысына қатысты жұмыстар 30 күннен кейін аяқталуы тиіс.

Естеріңізде болса, 9 қараша күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталған болатын. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауда отыр.

Хабарламаларға жазылу